Соңғы 10 жылда ішінде Қазақстан халықаралық ұйымдардың, қауымдастықтардың жаһандық іс-шараларын, корпоративтік іс-шараларды және ынталандыру турларын өткізу орны ретінде көбірек орын алуда. Осы жылдар ішінде елімізде ЭКСПО-2017, 2017 жылы 28-ші Қысқы Универсиада, ЕҚЫҰ Саммиті (2010), 7-Қысқы Азия ойындары (2011), 2014 жылы УЕФА Конгресі, PATA Travel Mart (2019), Routes Silk Road (2019) және басқа да көптеген ауқымды халықаралық іс-шаралар өткізді. Бұл үшін конгресс алаңдарын құру, фирмалық қонақ үй желілерінің болуы және т.б. сияқты қажетті жағдайлар жасалған.
Біз 2021-2022 жылдары Қазақстанда халықаралық MICE іс-шараларын өткізуге арналған түрлі биддингтерге (конкурстарға) қатысамыз. Қорытындысы бойынша алдын ала 5 іс — шараны (Үнді туризм қауымдастығының жыл сайынғы конвенциясы-TAAI, SCIJ халықаралық журналистер клубының жыл сайынғы кездесуі, Дүниежүзілік бизнес конфедерациясының Bizz Europe, ISAAC Congress, Isoprenoids society рәсімі) өткізуге мақұлдау алынды, олар жиынтығында шамамен 1000-1100 шетелдік іскер туристердің келуін, сондай-ақ ел экономикасына 1,1 млн. АҚШ доллары көлемінде шетел валютасының түсуін қамтамасыз етеді.



